Наурыз мерекесі аясында “Наурызнама” 10 күндік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған 16 Наурыз -Шаңырақ күні мен 17 Наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні халқымыздың бірлігі мен құндылықтарын насихаттауға арналды. Осы мерекені атап өту мақсатында балабақшамызда “Шаңырақ – шаттықтың бастауы” атты ата-аналардың қатысуымен іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін жандандыру, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын насихаттау. Іс-шара барысында әр отбасы өздерінің жеті ата шежірелерімен таныстырды, өз өнерлерін көрсетіп, түрлі тапсырмалар орындады.
Осындай іс-шара ел ішінде татулықты нығайтып, ұрпаққа ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің маңыздылығын көрсетуге үлкен үлес қосты. Іс-шара соныңда әр отбасыға түрлі номинациялар берілді.